+7 727 317 6919 Алматы
+7 707 716 1945 Whatsapp
  8 800 080 5172 басқа қалалар
русский


Дүкен туралы

Біз сіздерді компаниямыздың сайтында қарсы алуға қуаныштымыз.

"Леовит" ЖШС тағамға биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) – адам өміріне аса қажетті биологиялық белсенді заттардың табиғи кешендерінің ірі қазақстандық өндірушісі болып табылады. Біздің компаниямыз 1998 жылы құрылған. Оның арсеналында заманауи жабдықтармен жабдықталған фармацевтикалық зауыт, маркетинг және ғылыми-техникалық бөлімдері бар.

Фермацевтика нарығында белсенді жұмыс істеген 25 жыл ішінде біз өзімізді сенімді және белсенді дамып келе жатқан компания ретінде таныта білдік. 150-ден астам таблетка түріндегі препараттар, фитошайлар сериясы, шәрбәттар, өсімдік сығындылары жасалып шығарылды.    

Біздің гигиеналық құралдарымыз ерекше танымалдылықпен қолданылуда: дәрілік шөптер, дәрумендер, минералдық заттар мен ара шаруашылығы өнімдері негізінде жасалған тамақ пен ауыз қуысын шаюға арналған құралдар, керемет косметикалық және емдік әсерге ие былауға арналған фитотұздар. Біздің өнімдеріміздің ассортименті үнемі кеңейіп, жетілдіріліп отырады. Өнімнің жаңа түрлері әзірленуде. Әзірлемелердің негізінде халық медицинасының бай тәжірибесі мен ғылымның соңғы жетістіктері жатыр.

Біздің компаниямыз адам ағзасына оң әсер ететін, барлық табиғи белсенді заттарды сақтауға мүмкіндік беретін бірегей технологияларды пайдаланады.

Біздің өндірісте негізінен Қазақстан аумағында дайындалатын экологиялық таза, жоғары сапалы, сертификатталған өсімдік шикізаты пайдаланылады.

Жоғары сапаның, тиімділік пен қолжетімді бағаның арқасында компаниямыздың өнімдері тұтынушылардың кең бөлігіне танылды.

"Леовит" компаниясының өнімдері Қазақстан аумағында да, жақын және алыс шет елдерде де (Қырғызстан, Өзбекстан, Украина) кеңінен сатылуда.

Біз сіздер үшін сауықтыру бағдарламаларын әзірледік, олармен танысып, өзіңізге қажетті препараттарды оңай таңдай аласыз.   

Біз әрқашан өз клиенттерімізбен байланысуға қуаныштымыз. Егер сізде Интернет-дүкеніміздің жұмысына қатысты қандай да бір тілектеріңіз, ұсыныстарыңыз, ескертулеріңіз болса бізге жазуыңызға болады, біз сіздің пікіріңізді ризашылықпен ескереміз:

Электрондық пошта: info@leovit.kz




Написать в WhatsAppWhatsapp